TICKET ON компаниясы әуе, теміржол және автобус билеттерін сату қызметімен айналысады. Біздің компания нарықта 15 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Қандай да сұрақтарыңыз болса жоғарыдағы номер арқылы хабарласып толық ақпарат ала аласыздар. Ізгі ниетпен TicketOn компаниясы.
ЖҰМЫС УАҚЫТЫ:
ДҮ–ЖК — 9:00–19:00
ДЕМАЛЫССЫЗ

Біздің қызметтер
Қызметтер жайлы толығырақ білу
TicketOn компаниясы жайлы
Біздің команда
Құқықтық нормалар
1
Жалпы ережелер
 1. Осы Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін теміржол көлігімен тасымалдау қағидалары (бұдан әрі - Қағида) "Теміржол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 14-бабының 2-тармағының 34-15) тармақшасына сәйкес әзірленді және жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін теміржол көлігімен тасымалдау тәртібін айқындайды.
     2. Теміржол көлігімен Қазақстан Республикасы арқылы халықаралық және транзит қатынаста жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
2

Жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату, олардың жарамды мерзімін ұзарту және билет кассаларының жұмысын ұйымдастыру

     Жолаушыны тасымалдау шартының жасалғандығы жол жүру құжатымен (билетпен) куәландырылады. Бұл ретте, жолаушы тасымалдау шарты жасалған жағдайда тасымалдаушы тарифіне сәйкес өз жол ақысын төлейді, ал тасымалдаушы оның межелі станцияға дейін тасымалдануын қамтамасыз етеді.
     Тасымалдаушы жолаушы көрсеткен межелі станцияға дейін өзі құрастырған пойыздарға жол жүру құжаттарын (билеттер) сату жұмыстарын қамтамасыз етеді. Басқа тасымалдаушылардың пойыздарына жол жүру құжаттарын (билет) сату жұмыстарын ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 742 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы теміржол көліктеріне жол жүру құжаттарын (билет) сату жұмыстарын ұйымдастыру ережесіне сәйкес жасалған шарттардың негізінде рұқсат етіледі.
     Жол жүру құжаттары (билеттері) тасымалдаушы тарапынан теміржол билет кассаларында сатылады. Жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату жұмыстары, жолаушылар агенттіктерінің билет кассалары, электронды терминал, сондай-ақ интернет-ресурстары арқылы да жүзеге асырылуы мүмкін.

Подробнее
3

Жолаушылар вагонының санаты, оның ішінде жайлылық деңгейі

1-параграф. Жолаушылар вагондарының санаттары

 Жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдауға арналған жолаушылар вагондары келесідей жіктеледі:
     локомотивпен тартылатын вагондары;
     моторвагонды жылжымалы құрамының вагондары;
     Локомотивпен тартылатын вагон түрлері келесідей жіктеледі, олар:
     1) отыратын орындары бар жалпы вагон – ортақ электр жарығымен, ауа желдеткіш жүйесімен, ортақ радио нүктесімен, дәретханалармен жабдықталған вагон;
     2) Турист класты отыруға арналған орындары бар вагон-жеке креслолармен, жеке жарықтандырумен, ауаны баптау жүйесімен жабдықталған вагон;
     3) плацкарт вагон:
     жатуға арналған орындары бар, сөрелері ярус тәрізді орналасқан, ортақ және жергілікті электр жарығымен, ауа желдеткіш жүйесімен, ортақ радио нүктесімен, дәретхана, ыстық және салқын су резервуарымен, құрама жылу жүйесімен жабдықталған вагон;
     Жатуға арналған орындары, 6 орынды купесі бар сөрелері ярус тәрізді орналасқан, ортақ және жергілікті электр жарығымен, желдеткіш жүйесімен, ауа баптау жүйесімен, ортақ радио нүктесімен, биодәретхана, ыстық және салқын су резервуарымен, вагон-электр стансасынан берілетін орталық электрмен жылыту жүйесімен жабдықталған вагон.
Подробнее
4

Жолаушылар поездарын жабдығына және оның сыртқы, ішкі түріне қойылатын талаптар

Қазақстан Республикасы поездарының құрамында жүретін барлық жолаушылар вагондарына поездың санатына қарамай
     бейнелер мен ақпараттар келесі тәртіпте орналастырылады:
     вагон ортасында (терезелердің қатарында) вагонның зауыт нөмірі орналасады;
     Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы зауыт нөмірінің жоғарғы жағына орналасады;
     Вагонның жоғарғы жақ бөлігінің сол жағында жолаушылар поезы тасымалдаушысының логотипі орналасады;
     Маршрут бағытының бастапқы және соңғы маршруттар көрсеткіші және вагонның реттік нөмірі графикалық немесе электронды түрде жасалады. "Тальго" фирмасының жолаушылар вагондарында электронды маршрут көрсеткіштері сыртқы есіктің жанында орналасады;
5

Жолаушылар поездарында және вокзалдарда жолаушыларға жедел медициналық көмекпен қатар, міндетті қызметтер тізбесі

Жолаушылар поездарында қатынасына, вагондардың санаты мен түріне байланысты жолаушыларға осы Қағидаларға сәйкес міндетті және қосымша қызметтер ұсынылады.
     Жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдауға арналған жолаушылар вагондары вагонның түріне, қатынасына және поездың санатына қарамастан осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес поездарда жолаушыларды тасымалдау үшін арналған жолаушылар вагондарының нормаларымен (бұдан әрі-Жабдықтау нормалары) жабдықталады.
6

Поездарда төсек-орын жабдықтарын беру және басқа да қызметтерді көрсету мен жол жүру талаптарының өзгеру жолаушы жол жүру шарттары тәртібі.

     Жолаушылар жолаушыларды отырғызу және түсіру жөніндегі операцияларды орындау үшін ашық теміржол станцияларынан және аялдама пункттеріне дейін тасымалданады.
     Станциялар мен аялдама пункттерін ашу және жабу, олардың атаулары мен олар орындайтын коммерциялық операциялардың сипатын өзгерту туралы ақпарат тиісті тарифтік басшылықтарда және интернет сайттарда жарияланады.
     Жолаушыны отырғызу жол жүру құжатында (билетте) көрсетілген станцияда және жол жүру құжатында (билетте) көрсетілген поездың жүру барысы бойынша кез келген келесі станцияда жүргізіледі.
     "Talgo" және "Тұлпар-Тальго" фирмасының вагондарынан құралған жолаушылар поездарына жолаушыларды отырғызу рұқсат беру сигналын бергеннен және есіктерді жапқаннан кейін тоқтатылады.
7

Жол жүру шарттарының өзгеруі

     Вагонды (поезды) жол жүру жолындағы немесе қалыптастыру және айналым пунктінде техникалық ақау бойынша ауыстыру және (немесе) ағыту кезінде тасымалдаушы жолаушыларды басқа поезға ауыстыру немесе оларды осы поездағы бос орындарға, оның ішінде неғұрлым жоғары санаттағы вагондардағы орындарға орналастыру жөнінде шаралар қабылдайды.
     Жоғары санаттағы вагонға (поезға) ауысқан кезде балалары бар жолаушыларға, науқасқа, егде жастағы адамдарға, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына және оларға теңестірілген адамдарға басымдық беріледі. Неғұрлым жоғары санаттағы вагонға (поезға) ауысқан кезде жолаушыдан қосымша ақы алынбайды, ал жолаушының келісімімен неғұрлым төмен санаттағы вагонға (поезға) ауысқан кезде осы Қағидалардың 256-тармағында көзделген тәртіппен жол жүру құнындағы айырма төленеді.
     Сол поезда орналастырылмаған жолаушылар бұрын сатып алынған жол жүру құжаттары (билеттері) бойынша уақыт бойынша жақын келе жатқан поезбен жөнелтіледі.
     Тасымалдаушының кінәсінен жолаушылардың басқа вагонға (поезға) мәжбүрлі ауысуы (ауысуы) әрбір жағдайда поезд бастығы жасайтын және оның қолы қойылған актімен ресімделеді, сондай-ақ жолаушы мен осы ауысу (ауыстыру) жасалған вокзал қызметкері қол қояды және вокзал (станция) мөрқалыбымен куәландырылады. Актінің бірінші данасы жолаушыға беріледі, ал актінің екінші данасы поездың рейсі аяқталғаннан кейін құрамды қалыптастыратын жолсеріктер резервіне беріледі. Сол поезда белгісіз немесе орналастырылмаған жолаушыға актінің негізінде жүрілмеген қашықтық үшін билет кассасында жол жүрудің толық құнын қайтару жүргізіледі.
8

Тасымалдаудан бас тарту және тасымалдау шартын бұзу

     Егер жолаушы қасындағы жолаушылардың мазасын алып болса, тыныданаығын бұзатындай науқас оны бөлек орналастыруға мүмкіндік болмаса, онда тасымалдаушы жолаушыны одан әрі тасымалдаудан бас тартады және поездан түсіреді.
     Бұл жағдайда тасымалдаушы жолаушыны поездан дәрігерлік-медициналық персоналдың қатысуымен және медициналық ұйымдар бар станцияда ғана түсіреді. Бұл ретте жолаушыға осы Қағиданың 254-тармағына сәйкес төлемдер қайтарылады немесе осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес Тізбеге сәйкес белгі қойылады. Жолсерік жолаушыға бақылау купонын қайтарады. Бұл ретте поезд бастығы вагон жолсерігінің және медициналық ұйым қызметкерінің қатысуымен 2 данада акт жасайды.
     Егер поездан түсіру кезінде жолаушы оның багажы поезда оның баратын станциясына дейін жүруін қаламаса, багаж квитанцияны көрсеткеннен кейін жолаушы поездан шығарылған станцияға беріледі немесе түсірілген жағдайда ең жақын станцияға дейін жүреді. Бірінші кері поезбен багаж тасымалдау құнын төлеген жағдайда, жолаушы поездан түсірілген станцияға қайтарылады. Жолаушы поездан сырқаттануына байланысты түскен жағдайда, жолаушы поездан түсірілген станция (вокзал) бастығының жеделхат немесе телефонограммасы негізінде жолаушының багажы тегін қайтарылады.
Почтаңызды қалдырып тегін ақпараттар мен жеңілдіктерге жазылыңыз
Алматы қ. Төлебаев көшесі
Телефон +7 776 151 8692
E-mail aldanovn@gmail.com
Время работы дү-жк 9:00–19:00; демалыссыз
Made on
Tilda